Астана қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №11 көпшілік кітапханасында «Астана – есірткісіз қала» бағдарламасы аясында «Ертеңіңді ойласаң – есірткіге жолама» атты ескерту сағаты өтті. Іс – шара өте қызықты, әрі танымды болды. Оқушылар үш топқа бөлініп, әр топта есірткінің зияны, оның адам өміріне тигізетін кері әсері туралы жан-жақты түсіндірілді. Көптеген пайдалы ақпарат алып, өз ойларымен бөлісіп, белсенді атсалысты, бұл кездесу баршаға үлкен ой және әсер қалдырды.





