Астана қаласы әкімдігінің "№ 108 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Официальный интернет-ресурс

Мектебімізде «Алтын сақа» алаңының салтанатты ашылуы өтті

Мектебімізде «Алтын сақа» алаңының салтанатты ашылуы өтті. Бұл игі бастама оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, ойындарды дәріптеуге бағытталған. «Алтын сақа» алаңы – жас ұрпақтың ептілік, мергендік, шапшаңдық қабілеттерін дамытып қана қоймай, олардың ұлттық салт-дәстүрге деген қызығушылығын арттыратын ерекше алаң.