Астана қаласы әкімдігінің "№ 108 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Официальный интернет-ресурс

WORKSHOP халықаралық семинар 26.02.2026

«Үздіксіз білім берудегі инклюзивті тәжірибелер: деңгейаралық өзара іс – қимыл және білім беру маршруттары» тақырыбында WORKSHOP форматындағы халықаралық семинары өтті. Іс – шара Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрлігі қолдауымен және Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті серіктестігімен ұйымдастырылды. Семинар барысында инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері талқыланып, халықаралық сарапшылар тәжірибесімен бөлісті. 200-ден астам педагог кәсіби диалог алаңында бас қосып, өзара тәжірибе алмасты.