Лагерьдің алтыншы күні қызықты әрі танымдық іс-шараларға толы болды. Күн «Шынықсаң шымыр боларсың» спорттық жарысымен басталып, оқушылар белсенділік пен ұйымшылдықтарын көрсетті.
Этноауылда жаратылыстану және эстетикалық пән мұғалімдері ұйымдастырған «Ұлттық құндылық – ұрпаққа аманат: жүннен дайындалған бұйымдар, текемет, сырмақ және тоқыма өнері» атты тәрбиелік-танымдық іс-шара өтті. Оқушылар ұлттық қолөнердің қыр-сырымен танысып, жүн өңдеу мен дәстүрлі бұйымдардың жасалу ерекшеліктері туралы мағлұмат алды.
Іс-шара жас ұрпақтың ұлттық мұраға деген құрметін арттырып, халықтық өнерге қызығушылығын оятты. Күн соңында оқушылар өз әсерлерімен бөлісіп, көтеріңкі көңіл-күймен үйлеріне тарқасты.
Жаңалықтар





