2026 жылдың 15 сәуірінде Астана қаласы әкімдігінің «№108 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-де «Жасанды интеллект оқу үрдісінде: зерттеу мен тәжірибе» атты қалалық семинары өтті.
Аталған іс-шараға қала мектептерінің педагогтері қатысып, білім беру жүйесіне заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектті енгізу мәселелерін жан-жақты талқылады. Семинар мектептің тәжірибелік алаңында өткізіліп, қатысушыларға нақты мысалдар мен тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылды.
Семинар барысында:
— Жасанды интеллекттің оқу үдерісіндегі мүмкіндіктері
— Сабақ барысында қолданылатын цифрлық құралдар
— Оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған практикалық жұмыстар көрсетілді.
Педагогтер өзара тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен бөлісіп, кәсіби шеберліктерін арттыруға мүмкіндік алды. Іс-шара қатысушылар үшін пайдалы алаңға айналып, білім беруді цифрландыру жолында маңызды қадам болды.





