Бүгін лагерьдің алғашқы күні өтті. Оқушылар IT кабинетінде қолданылатын құрал-жабдықтармен танысып, олардың қызметі мен қолдану ерекшеліктері туралы мәлімет алды. Сонымен қатар, балаларға техника қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік талаптары таныстырылды.
Оқушылар белсенді қатысып, жаңа білім алуға қызығушылықтарын көрсетті. Алда оларды қызықты жобалар, бағдарламалау сабақтары және түрлі шығармашылық тапсырмалар күтіп тұр. Жазғы IT лагерьдің алғашқы күні танымды әрі әсерлі өтті!
Жаңалықтар





