Астана қаласы әкімдігінің "№ 108 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс
Біздің №108 мектебімізде “Балақайлар мектебі” бағдарламасы аясында балақайларды мектепке бейімдеудің екінші күні таңертегілік көңілді жаттығулардан басталды

Біздің №108 мектебімізде “Балақайлар мектебі” бағдарламасы аясында балақайларды мектепке бейімдеудің екінші күні таңертегілік көңілді жаттығулардан басталды

Бүгін балақайлар сабақта бір-біріне жақсы тілек тіледі.
«Менің отбасым» тақырыбында балалар өзінің отбасы туралы айтты. «Менің анам сұлу...», «Менің әкем мықты...» деп ата-аналары туралы жылы сөздермен,сүйіспеншілікпен өз ойларын жеткізді.Бұл сөздер балақайлардың отбасылық құндылықтарын құрметтейтінін білдірді. Отбасындағы қауіпсіздік ережелерін қалай сақтайтындары жөнінде әңгімеледі. Туыстық атауларды атап,буынға бөлді. Менің отбасым” тақырыбы балалар үшін ең жақын әрі түсінікті тақырып болды. Отбасы мен мектеп ынтымақтастығы арқылы Балақайлар мектебінің басты мақсаты орындалды.