Астана қаласы әкімдігінің "№ 108 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс
Ағылшын тілінен зерттеу жұмысы

Ағылшын тілінен зерттеу жұмысы

 ЖАҢА ЖОБА: TikTok арқылы ағылшын тілін үйрену!

Біздің мектебімізде ағылшын тілін оқытудың заманауи тәсілдері зерттеліп жатыр. Соның бірі – TikTok әлеуметтік желісін оқу үдерісіне тиімді енгізу.

     Жобаның мақсаты – оқушылардың ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қоры, грамматикалық білімі мен айтылым дағдыларын қызықты әрі заманауи форматта дамыту.

     Алғашқы нәтижелер:

     TikTok бейнелері оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып келеді.
Сөздік қоры мен сөйлеу дағдылары жақсаруда.
Тілді үйрену үдерісі жеңіл әрі әсерлі бола түсті

Оқушылардың мотивациясы артып келеді.

     Бұл жоба – оқушылардың сандық сауаттылығын дамыта отырып, білім алуға деген ынтасын арттырып, шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған.

Жоба авторы: 4 А сынып оқушысы Битуре Інжу

Жоба жеткшісі: ағылшын тілі пәні мұғалімі, жас маман Қабылова А.С.