Астана қаласы әкімдігінің "№ 108 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

2026 жылдың 27 наурызында жаңадан келген және жас мамандарға ерекше білім беру қажеттілігі бар ( ЕББҚ) оқушылармен жұмыс істеу бойынша оқу семинары өтті.

Семинардың мақсаты – педагогтердің инклюзивті білім беру саласындағы кәсіби құзыреттілігін дамыту және тиімді жұмыс жасауға бағыт беру. Мұндай іс-шаралар жас мамандарға инклюзивті білім беру негіздерін түсінуге және тәжірибеде қолдануға көмектеседі.

Семинар барысында:

  • ЕББҚ оқушылардың даму ерекшеліктерімен танысты
  • Сабақты бейімдеу және саралау тәсілдерін үйренді
  • Қолдау көрсету стратегияларын меңгерді
  • Құжаттама жүргізу (жеке оқу жоспары, бақылау) бойынша бағыт алды.

Тәжірибелі ұстаздардың іс-тәжірибесімен танысты.