Астана қаласы әкімдігінің "№ 108 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

1 қыркүйек- білім күні!

Қымбатты оқушылар, ата-аналар! Баршаңызды білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Мереке күні мектебімізде "Мектебім - мейірім мекені" атты салтанатты іс-шара өткізілді. Аталған шараға Орта білім беру комитетінің төрағасы Махсутова Зейнеп Абдыжусуповна қатысып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндерге ізгі тілегін білдіріп, құттықтады.