Астана қаласы әкімдігінің "№ 108 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

Астана қаласы әкімдігінің «№108 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті "Заң және тәртіп" идеологемасын ілгерілету жөніндегі жобалардың іске асырылуын бекітілген бақылаудың 19 – тармағына сәйкес "Полиция және балалар-қауіпсіздік үшін бірге"акциясын өткізуде. Бұл акция 2025 жылғы 20 қарашада Дүниежүзілік балалар күніне орайластырылған. Мектебіміздің сынып сағаттары аясында "полиция мен балалар – қауіпсіздік үшін бірге"тақырыбында 7-11 сынып оқушылары арасында бірыңғай мазмұндама жазу ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты: жазу дағдыларын, зейінділікті және балалар мен құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықтың әлеуметтік маңыздылығын түсінуді дамытуға ықпал ету.
7–8 сынып оқушыларына арналған «Заң мен тәртіп – бейбітшілік пен әділдікке бастайтын жол», «Закон и порядок – путь к миру и справедливости», 9–11 сынып оқушыларына арналған «Полиция мен балалар — қауіпсіздік үшін бірге», «Полиция и дети — вместе за безопасность» тақырыптарда мазмұндама жазды. Акцияға барлық сыныптар белсенді атсалысты. Пән мұғалімдерінің тексеруінен кейін, сөзік қоры, тіл байлығы, ойлау қабілеті және сауатты жазу жағынан бірнеше оқушының жұмысы үздік болып танылды. Атап өтсек, 7 «Ә» сынып оқушысы Нұрхасинова Ж, 7 «Ғ» сынып оқушысы Әкімбек Е, 7 «А» сынып оқушысы Инкарбек Е, 7 «Ә» сынып оқушысы Шералы Н, 7 «Ә» сынып оқушысы маралхан Ж, 7 «Ә» сынып оқушысы Нұрхасинова Ж, 8 «Ә» сынып оқушысы Ибрахим Ж, 8 «Ә» сынып оқушысы Исламбек Д, 8 «Б» сынып оқушысы Есімжан Ж, 8 «В» сынып оқушысы Тоқабай К, 8 «В» сынып оқушысы Маврина А, 8 «В» сынып оқушысы Еркен А, 8 «Ғ» сынып оқушысы Ганеева А, 8 «Ғ» сынып оқушысы Қабдулла Н, 8 «Ғ» сынып оқушысы Қайратқызы Е, 8 «Ғ» сынып оқушысы Зайтун А, 9 «Ә» сынып оқушысы Ермуханова Л, 10 «А» сынып оқушысы Мұраталы Б, 10 «Б» сынып оқушысы Матюшок М, 10 «Б» сынып оқушысы Куатбекова С, 11 «А» сынып оқушысы Ибрахим Б.