12.09.2024 ж. «Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» аясында мектебімізде де «Ұлы даланың ұлттық ойындары» атты спорттық жарыс ұйымдастырылды. 5-6 сынып қыз бал аларының арасында «Бес тас» ойыны, ер балалар арасында «Асық ату» сайысы ұйымдастырылса, 7-8 сыныптар мен 9-10 сыныптар арасында арқан тартыс командалық ойыны ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 8 -10 сынып ер балалары қол күрестіріп, тартыспақ ойынын ойнап, күш сынасты.