«Төрт тоқсан – төрт өнер» жобасы аясында Ұстаздар күніне арналған арнау өлеңдер сайысы ұйымдастырылды. Онлайн форматта өткен сайысқа ақындыққа жақындығы бар 14 оқушыдан видео арнау келіп түсті. Барлық өтінімдер инстаграм парақшасына жарияланып, қазылар алқасының шешімімен І, ІІ, ІІ орын иелері мақтау қағаздарымен марапатталды.
Аға тәлімгердің жылдық жоспары негізінде Ұстаздар күніне арналған «Ғалым да, дана да бас иетін» тақырыбында бейне құттықтау акциясы өтті. Келіп жеткен бейне баяндар инстаграм парақшасында жарық көрді.